
📍 Ойыл ауданында 2024 жылғы су тасқынынан зақымданған Ойыл ауылына кіреберістегі көпірді қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Ұзындығы 280 метр болатын жаңа көпірдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, аудан басшылығы, мердігерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Нысанның жалпы құны — 3,2 млрд теңге. Құрылыс барысында 70 қада қағылып, 8 тіреу мен 56 арқалық орнатылды.
Жаңа көпір көлік қатынасын жақсартып, тұрғындардың қауіпсіз әрі тұрақты қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар нысан «Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан» транзиттік дәлізін дамытуға үлес қосып, ауданның көлік-логистикалық әлеуетін арттырады. Су тасқынынан кейін Ойыл ауданында инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып, Ойыл ауылында 320 орындық мектеп, 150 орындық балабақша және 172 тұрғын үй, Қаратал ауылында 60 орындық балабақша салынды. Сондай-ақ елді мекендерді су басудан қорғау үшін бөгеттер мен дамбылар салынды және нығайтылды.