Әдеп жөніндегі уәкіл Қараой және Сарбие ауылдық округі әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Әдеп жөніндегі уәкіл Қараой және Сарбие ауылдық округі әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

✅️ Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндірілді.

Атап айтқанда, жаңа Конституцияның негізгі нормалары, мемлекеттік қызметтің сервистік және азаматқа бағдарланған моделіне көшу, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру, кадрлық процестерді цифрландыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері жан-жақты баяндалды.

📍Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заңнамаларды практикалық тұрғыда қолдану және қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.