Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Айнұр Айдашева аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
Кездесу барысында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңындағы негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар таныстырылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, тәртіптік жауапкершілік туралы түсіндірілді.