АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ  МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

🔹Кездесу барысында Асқар Қазыбаев Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға жеке-жеке тоқталып, ауданның және ауылдық округтердің әр саладағы өсім деңгейімен таныстырып өтті.
Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған аудан тұрғындары өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

🔸️Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары аясында жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.