
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұржау Тұрғамбеков шегіртке қарсы улау жұмыстарының барысын қарады.
🦗Ойыл ауданы бойынша 2026 жылға шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Ауданда шегірткеге қарсы күрес фитосанитариялық жағдай тұрақты бақылауда.
🔹 Ойыл ауданы аумағында шегірткелерге қарсы 72.2 га, химиялық өңдеуге болжам жасалынды. Бүгінгі күнге зиянкестердің шығуына байланысты 9200 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оған Арнайы 7 техника 21 адам жұмылдырылды.
Бұл шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау және өнімділікті сақтау мақсатында ұйымдастырылуда.
🔸️Алдағы уақытта қажеттілікке қарай зиянкестерден қорғау мақсатында арнайы авиация, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен қамтамасыз етіледі.