
🔹️Осыған байланысты ауданда құрылған арнайы комиссия мүшелері Ойыл ауылында орналасқан авариялық үйлер қараусыз қалған нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
🔸️Тексеру барысында тұрғындарға санитарлық тазалық талаптарын сақтау, авариялық үйлерді бұзу, орнын тазалау тұрғын үйлердің ауласын ретке келтіру, қоршауларын жөндеу, әктеу, сырлау және үй маңын қоқыстан тазарту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер беріліп, оларды уақытылы қалпына келтіру қажеттігі айтылды.
🔹️Экологиялық акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осыған орай, аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысып, өз ауласы мен көшесінің тазалығ