
🔹Кездесу барысында Асқар Қазыбаев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.
🔹Сарбие ауылдық округінің тұрғындары тарапынан ауданға қатынайтын көтерме жолды жөндеу, қазіргі таңда тозығы жетіп тұрған ауыз су құбырларын жаңарту және де өзге де сұрақтар қойылды.
🔹Аудан басшысы ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бойынша қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.