
️ Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, аудандағы суға түсу маусымына дайындық және далалық өрттің алдын алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстар “TAZA QAZAQSTAN” акциясының орындалуы туралы талқыланды.
Аудандағы тазалық айлығының жүргізілуі туралы аудандық сәулет,құрылыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жалелов Айбек Байболатұлы және Ойыл ауылдық округі әкімі Сағынғалиев Рүстем Темірұлы баяндама жасады.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.