«Ұлы Жеңіс- елдің бекем тірегі»

«Ұлы Жеңіс- елдің бекем тірегі»

🎗9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай аудан тұрғындары мен ардагерлерінің қатысуымен « Ұлы Жеңіс- елдің бекем тірегі» шарасы ұйымдастырылды.

 

🎗Іс-шара мекемелердің ескерткіш алдына гүл шоқтарын қоюымен басталды. Бұл — соғыс даласында ерлікпен қаза тапқандарға деген тағзымның белгісі.

 

🎗Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің маңыздылығы мен тарихи мәніне тоқталды. Сонымен қатар, аудан ардагері Байымбетов Мұқаш Саймақұлы сөз алып, елдің бейбітшілігі үшін жан аямай күрескен батырлардың ерлігін еске алып, бүгінгі ұрпаққа аманат ретінде қалдырылған мұраның құндылығы туралы айтты.

 

🎗Шара барысында Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып, боздақтардың рухына тағзым етілді.

 

🎗Бұл күн — батырлықтың, жанқиярлықтың және отансүйгіштіктің мәңгілік символы ретінде ұрпақ жадында сақталатыны сөзсіз.