
🔹️Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталды. Ресми бөлімде Отан алдындағы борыш, ел қорғаудың маңыздылығы және тәуелсіздіктің қадірі кеңінен насихатталды.
🔸️Салтанатты шара барысында аудан әкімі Асқар Қазыбаев құттықтау сөз сөйлеп, Отан қорғау жолында ерекше еңбегімен көзге түскен азаматтарды марапаттау рәсімін өткізді. Марапат иелеріне алғыс білдіріліп, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесі ерекше атап өтілді.
🔸️Мерекелік шараның мазмұны ел қорғау тақырыбын кеңінен қамтып, патриоттық рухты көтеруге бағытталды. Шара аясында аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық өнер мен мәдениет дәріптелді.
Салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.