АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.

🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, көктемгі далалық егіс, бау- бақша егу жұмыстары, далалық өрттің алдын алу, аудандағы білім беру саласы бойынша 2025- 2026 оқу жылының қорытындысы және "TAZA QAZAQSTAN" акциясының орындалуы туралы талқыланды. Аудандағы білім беру саласы бойынша 2025- 2026 оқу жылының қорытындысы туралы аудандық білім бөлімінің у. м.а Садақбаева Гүлмира Таңжарбайқызы баяндама жасады.

🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.