⚜️ Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні аудан әкімдігі ғимаратында аудан әкімі А. Қазыбаев пен аудан прокуроры Рауан Дайырбекұлы кәсіпкерлерді жеке қабылдады.

⚜️ Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні аудан әкімдігі ғимаратында аудан әкімі А. Қазыбаев пен аудан прокуроры Рауан Дайырбекұлы кәсіпкерлерді жеке қабылдады.

🔹 Қабылдау барысында аудан кәсіпкерлері өздерінің көкейінде жүрген мәселелерін ортаға салып, кәсіпкерлік саласын дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, инфрақұрылым, мемлекеттік қолдау тетіктері, жер мәселесі, рұқсат құжаттарын рәсімдеу және өзге де өзекті сұрақтар көтерілді.

🔹 Өз кезегінде аудан басшысы мен прокурор айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Шешілуі тиіс мәселелерді тиісті бөлім және мекеме басшыларына бағыттап, нақты тапсырмалар жүктеді.

🔹 Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілу жолдары түсіндіріліп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, олардың жұмысын жеңілдету және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.