
✨ «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығының ұйымдастыруымен жаңа креативті «DALA. TERRACE» жобасы өз жұмысын бастады. Бұл – жастар мен тұрғындарды біріктіретін, ұлттық өнерді заманауи форматта дәріптейтін ерекше алаң.
🎤 Ашылу салтанатында ҚР Мәдениет қайраткері А. Жұманов лентаны қиып, ізгі тілегін арнады. Өнерпаздар күй керуенін ұсынып, көрерменге рухани әсер сыйлады.
🤍 Ақсақалдар мен аналардың батасы беріліп, игі бастамаға ақ жол тілінді.
🎵 Кеш күй күмбірімен, ұлттық рухпен өріліп, көпшіліктің жүрегінен орын алды.
📍 «DALA. TERRACE» – өнер мен руханияттың жаңа тынысы!