
Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, көктемгі далалық егіс, бау- бақша егу жұмыстары, далалық өрттің алдын алу, ауданда халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту туралы және "TAZA QAZAQSTAN" акциясының орындалуы туралы талқыланды. Ауданда халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту туралы орталық басшысы Байдуллаев Алмат Ажмуратұлы баяндама жасады.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.