
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Саян Сапарұлы Сүлеймен те қатысып, кәсіподақ қозғалысына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу барысында әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар еңбек жағдайларын жақсарту, ұжымдық шарттардың орындалуын бақылау, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдауларды арттыру бағыттары талқыланды. Облыстық кәсіподақ филиалының төрағасы Мухтарита Муханбетқалиқызы кәсіподақ ұйымдарының қоғамдағы рөлі жылдан жылға артып келе жатқанын атап өтіп, әлеуметтік әріптестіктің нақты нәтижелерге жетуінің маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы кәсіподақ ұйымдарының жұмысына оң бағасын беріп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Әсіресе мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, жас мамандарды қолдау және еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.