«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында колледж ұжымы сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, қоршаған ортаны көркейту және тазалықты сақтау бағытында белсенді еңбек етті.

Сенбілік барысында оқу орнының ауласы мен оған іргелес аумақтар тазартылып, қоқыстар жиналып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстары атқарылып, табиғатты қорғауға ерекше көңіл бөлінді.

Аталған шараға колледждің оқытушылары мен қызметкерлері бір кісідей атсалысып, туған жерге деген жанашырлықтарын көрсетті.

Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда жауапкершілік сезімін арттыруға өз үлесін қосады.