
⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, көктемгі далалық егіс, бау- бақша егу жұмыстары, далалық өрттің алдын алу, мансап орталығының жұмысы және "TAZA QAZAQSTAN" акциясының орындалуы туралы талқыланды.
Көктемгі далалық егіс жұмыстары туралы; Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Алдияр Арсланбек Алтынбекұлы мәлімдеме жасады.
Мансап орталығының жұмысы туралы орталық басшысы Берекенов Артур Мырзекенұлы баяндама жасады.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.