
Енді конкурсқа қатысу толық онлайн:
өтініштер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы қабылданады. Бұл уақытты үнемдеп, үдерісті барынша қолжетімді етеді.
Кандидаттар:
✔️ заңнаманы білу тестінен;
✔️ жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді.
📊 Тестте 55 сұрақ.
Минимум: 30 дұрыс жауап және әр заң бойынша кемінде 5 дұрыс жауап.
Жеке қасиеттерді бағалау 3 бағытта өтеді:
— басшылық лауазымдар;
— басшылық емес лауазымдар;
— тәжірибе талап етілмейтін төменгі лауазымдар.
Нәтижелер 1 жылға жарамды.
Тестті айына 3 ретке дейін тапсыруға болады.
Конкурсқа ТОП-5 кандидат өтеді.
📄 Құжаттар онлайн тапсырылады.
Іріктеу кезеңдері:
— басшылар: эссе + онлайн сұхбат;
— басқа лауазымдар: практикалық тапсырмалар;
Барлық нәтижелер автоматты түрде есептеледі. Ашықтық үшін (сұхбаттан басқа) барлық кезеңде прокторинг қолданылады
⚡ Конкурс мерзімі қысқарды:
5–7 жұмыс күні (бұрын 23–30 күн)
Жаңа жүйе — ашық, әділ және тиімді іріктеу.
Мемлекеттік қызметке жол енді бұрынғыдан да қолжетімді!