АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.

 

🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары және наурыз айында өтетін мерекелік мәдени көпшілік шаралардың сапалы ұйымдастырылуы туралы талқыланды.

 

🔹️ Наурыз айында өтетін мерекелік мәдени көпшілік шаралардың сапалы ұйымдастырылуы туралы Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысы Гүлзат Жеткергенқызы баяндама жасады.

 

🔸️Сонымен қатар, аудан әкімі коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмыс жасауына ерекше назар аудара отырып, қатаң бақылауға алуды ескертті.

 

🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.