
🔸️Іс-шара барысында бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру, қаржы қаражатын мақсатты әрі ұтымды пайдалану, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу барысында заң талаптарының қатаң сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, практикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔹️Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта бюджеттік сұранымдарды әзірлеу кезінде бекітілген қағидалар мен өзгерістерді басшылыққа алу қажеттігі атап өтілді.