⚜️Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің сапасы елдің дамуына тікелей әсер етеді. Сол себепті мемлекеттік қызметшілердің адал, жауапты және кәсіби болуы өте маңызды.

⚜️Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің сапасы елдің дамуына тікелей әсер етеді. Сол себепті мемлекеттік қызметшілердің адал, жауапты және кәсіби болуы өте маңызды.

«Адал азамат» идеялары осы бағытта үлкен рөл атқарады. Бұл идеялар адалдыққа, әділдікке, ашықтыққа және халыққа қызмет етуге негізделген. Адалдық — мемлекеттік қызметтің ең маңызды талабы. Жауапкершілік пен кәсіби қабілет — қызметтің сапасына әсер ететін қасиеттер. Мемлекеттік қызметші өз жұмысына жауапкершілікпен қарағанда ғана сапалы қызмет көрсете алады. Бұл — уақытында шешім қабылдау, тапсырмаларды дұрыс орындау және кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыру деген сөз. Қазіргі заманда цифрлық технологияларды меңгеру де маңызды.
«Адал азамат» идеялары мемлекеттік қызметшілердің адал, әділ, жауапты әрі кәсіби болуына жол ашады.
🔸️Осындай қасиеттерге ие, көп жылдар мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасап келе жатырған тәжірибелі мемлекеттік қызметші Караева Татьяна Викторовна. Ол өз ісіне адал, тиянақты, қызмет барысында өзіне жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындап, өзінің жұмысын жауапкершілікпен атқарады. Жас мамандарға жұмыс жасау барысында өзінің тәжірибесімен бөлісіп, кеңес, бағыт-бағдар беріп тәлімгерлік қасиетімен ерекшеленеді. Әріптестерінің арасында зор құрметке ие.
Мемлекеттік қызметтегі адал және мінсіз еңбегі үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен наградталған.
🔹️Қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген Татьяна Викторовнаның алдағы қызметіне сәттілік тілейміз!👏👏👏