
«Көктем-2026» командалық штабтық оқу-жаттығу аясында ағымдағы жылы 25 ақпанда күні 11 сағат 00 минутта (жергілікті уақыт) Ақтөбе облысы аумағында «Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналын бере отырып Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне облыстық тексеру жүргізу жоспарлануда.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.
Осыған байланысты Департамент облыс тұрғындары мен қонақтарынан тыныштық сақтап, үрейленбеуді сұрайды!
Ойыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі