
⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, қауіпсіздік ережелері және көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды.
🔹️ Су тасқынының алдын алу шаралары бойынша Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Кобланов Жанарбек Айдынғалиұлы баяндама жасады.
🔸️Сонымен қатар, аудан әкімі коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмыс жасауына ерекше назар аудара отырып, қатаң бақылауға алуды ескертті.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.