АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

️ ⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.

🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, қауіпсіздік ережелері және қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылып жатырған шаралар және 2025 жылдың он екі айы бойынша Ойыл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы және 2026 жылғы жоспарлары талқыланды.

🔹️ Ауданның санитариялық эпидемиологиялық ахуалы туралы Ойыл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғ.Құбаев баяндама жасады.

🔸️Сонымен қатар, аудан әкімі коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмыс жасауына ерекше назар аудара отырып, қатаң бақылауға алуды ескертті.

🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.