
⚜️Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 ақпандағы шешіміне сәйкес Бисебаев Даурен Қаржауұлы Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Даурен Қаржауұлы Бисебаев 1976 жылы Ойыл ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2012 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін, 2020 жылы Қайнар академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Ойыл кәсіптік лицейінен бастаған. 2016-2019 жылдар аралығында Ойыл ауылдық округінің әкімі, 2020-2024 жылдар аралығында Сарбие ауылдық округінің әкімі лауазымдарын атқарған. Осы қызметке келгенге дейін Ойыл ауданының Мансап орталығының директоры қызметін атқарып келді.