
️
⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, қауіпсіздік ережелері және қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылып жатырған шаралар және аудан бойынша 2025 жылға жергілікті салық түсімдерінің орындалуы 2026 жылға жоспары мен болжамдары туралы талқыланды.
🔹️ Ауданның салық түсімдерінің орындалуы бойынша Б. Майланов баяндама жасады.
🔸️Сонымен қатар, аудан әкімі коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмыс жасауына ерекше назар аудара отырып, қатаң бақылауға алуды ескертті.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.