
🔹 Мереке ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақар қатысқан жарқын театрландырылған қойылыммен басталды. Жаңажылдық декорациялар мен сиқырлы атмосфера балаларға ерекше қуаныш сыйлады.
💬 Аудан әкімі Асқар Қазыбаев балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді:
«Құрметті балалар, Сіздерді келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Болашақта саналы, білімді азамат болып, ел мақтанышына айналатындарыңа сенемін. Жаңа жыл сендерге тек жақсылық пен табыстар әкелсін!»
🎁 Шара барысында түрлі ойындар , әндер мен билерден құралған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар белсенді қатысып, мерекелік әсерлерімен бөлісті. Әр балаға сыйлықтар табысталды.
https://www.instagram.com/reel/DSrsDUoCB8J/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==