
️ ⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, мереке қарсаңында азық-түлік бағасының тұрақты болуы, қыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері және Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің жұмысы талқыланды.
🔹️Ш. Берсиев ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысымен туралы округ әкімі Избасов Әділбек Жансерікұлы баяндады.
🔸️Сонымен қатар, аудан әкімі коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмыс жасауына ерекше назар аудара отырып, қатаң бақылауға алуды ескертті.
🔹️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.️