
⚜️2025 жылдың 20 желтоқсан күні Ойыл ауданы, Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 22 желтоқсан – Энергетиктер күніне орай мекеме қызметкерлері арасында волейболдан аудандық «Ауыспалы кубок» турнирі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
🔹️Аталған спорттық шараға Ойыл ауданының әкімі Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы, аудан әкімінің орынбасары Айдарбаев Мұратбай Болатұлы, Ойыл аудандық мәслихат төрағасы Займолдин Сәкен Ғазизұлы, спорт ардагері Әжниязов Әбілхан Нұрғалымұлы, Ойыл аудандық электр желісі мекемесінің басшысы Қарабаев Серік Сағынұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың бұқаралық маңызын атап өтті.
🔸️Турнир қорытындысы бойынша:
III орын – Ойыл аудандық полиция бөлімі командасы
II орын – Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің командасы
I орын – Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленді.
Сонымен қатар жарыс барысында үздік ойыншылар анықталып, арнайы номинациялар табысталды:
«Үздік қорғаушы» – Берікұлы Арнұр
«Үздік байланыстырушы» – Ешімов Нұрлан
«Үздік ойыншы» – Бақдәулетов Рахат
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтамалармен, медальдармен, ауыспалы кубокпен және Ойыл аудандық электр желісі мекемесінің қолдауымен қаржылай демеушілікпен марапатталды.
🔹️Жарысқа қатысқан барлық командаларды және жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта да осындай бұқаралық спорттық шаралар жалғасын табады деп сенеміз.