ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс нәтижесі негізінде Ойыл ауданының әкімі А.Қазыбаевтың 2025 жылғы 31 қазандағы № 1030 өкімімен Жеткергенқызы Гүлзат «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Гүлзат Жеткергенқызы 1983 жылы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
Осы қызметке келгенге дейін «Ақтөбе облысының білім басқармасы Ойыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маманы қызметін атқарып келді.