
📍Ойыл ауданының прокуратурасы Мемлекет басшысының «Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде «Шұғыла » мәдениет және демалыс орталығында «Халық заңгері» акциясын ұйымдастырды.
🎯 Шараның мақсаты – тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша тегін құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру.
👩⚖️ Акция барысында азаматтарға түрлі құқықтық және даулы мәселелер бойынша тегін кеңес берді. Сонымен қатар іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат қатысты.
💬 Азаматтар бірнеше маманнан бір мезгілде кеңес алу арқылы өз сұрақтарына жан-жақты жауап алу мүмкіндігіне ие болды.