⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста алдағы екі айлық Таза Қазақстан акциясы, мектептердің жылу жүйесі, және 2025 жылдың 8-айы бойынша ауданның санитариялық -эпидемиологиялық ахуалы қаралды.
Атқарылған жұмыстар туралы Ойыл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғарифолла Құбаев баяндама жасады.
🔸️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.