АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары,  бөлім басшылары қатысты.

🔸️Отырыста  алдағы екі айлық Таза Қазақстан акциясы, мектептердің қысқы маусымға дайындығы, ауылшаруашылығы санағы  бойынша атқарылған жұмыстар, және ауданның ағымдағы жылдың 7-айында әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің орындалу барысы  қаралды.
Атқарылған жұмыстар туралы аудандық экономика және  қаржы бөлімінің басшысы Әділханов Болатбек баяндама жасады.

🔸️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.