🔹️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен өткен отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңірде іске асыру жолдары қаралды.
📍Жиынға , аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, бөлім басшылары қатынасты.
🔹️Аудан әкімі өз сөзінде Президент Жолдауы мемлекеттің дамуына жаңа көзқарас пен тың серпін беретін стратегиялық бағдар екенін алға тартты. Бірқатар маңызды міндеттерді айқындап, барлық құзырлы орган мен мекемелер, бірлесе жұмыс істеуі қажет- деді.
🔸Мемлекет басшысы Жолдауда инвестиция тарту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік-логистика саласын жетілдіру мәселелеріне баса назар аударды. Сондай-ақ, Президент заманауи технологиялардың рөлін, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдердің ел экономикасы мен қоғам өміріндегі маңызын ерекше атап өтті. Әлеуметтік әділеттілік, адами капиталды дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, экология, өңірлік даму, цифрлық теңсіздікті жою сияқты өзекті мәселелер бойынша да нақты тапсырмалар берілді.
🔹️Отырыста аудан әкімінің орынбасарлары өз салаларын қамти отырып, баяндама жасады, Жолдау аясында іске асырылатын шаралар жоспарын таныстырды. Асқар Қазыбаев әр бағыт бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.