ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 20 тамыздағы ШЕШІМІН басшылыққа ала отырып Әдеп жөніндегі уәкіл жергілікті полиция қызметінің бастығы М.А.Бағдаулетовпен бірге аудандық құрылыс тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметшілерімен кездесу барысында төмендегідей бағыттарда түсінік жұмыстары жүргізілді:
-мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау;
-еңбек тәртібі;
-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
-мемлекеттік сатып алу заңдылықтары талаптарын қатаң сақтау;
-жол жүру ережелерін сақтау мен қызметтік автокөлікті мақсатты пайдалану, қоғам тарапынан негізсіз сындарға жол бермеу, құмар ойындарға тәуелділікті болдырмау бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді.