⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста қысқы мал азығын дайындау жұмыстары, білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы, ауылшаруашылығы санағы бойынша атқарылған жұмыстар, және Сарбие ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы қаралды.
🔹️ Сарбие ауылдық округінің жұмысы туралы Сарбие ауылдық округі әкімі Кереев Әсет Сәкенұлының баяндамасы тыңдалды.
🔸️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.