Ақ бидай облыстық VIII ауыл спорты ойындарынан жерлестеріміз жүлделі орындармен оралды

Ақ бидай облыстық VIII ауыл спорты ойындарынан жерлестеріміз жүлделі орындармен оралды

⚜️2025 жылдың тамыз айында Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында «Ақ бидай » облыстық VIII ауыл спорт ойындары өтіп, әр спорт түрлерінен аудан құрама командасы қатынасты.
🔹️Ауыл спорт ойындарына облыстың 12 ауданы 8 спорт түрінен бақ сынасты. Атап айтсақ асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, қол күрес, гір спорты, үстел теннисі, шағын футбол, волейбол. «Ақ бидай » облыстық VIII ауыл спорт ойындарында әр спорт түрлерінен аудан спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшылар марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.
🔸️Үстел теннисі: ерлер командасы үстел теннисінен ІІ орын, қыздар командасы І орынға ие болды. Жалпы командалық есепте І орын. Команда құрамы Аманғосов Әділбай, Ешімов Нұрлан, Бірімғалиев Әділет, Қульмаметова Рысты, Асылханова Асылай, Әбдіқұлова Әсем.
🔹️Тоғызқұмалақ: тоғызқұмалақтан жалпы командалық есепте ІІ орын. Команда құрамы Бердіғалиев Қанат, Кадимов Алпамыс, Сырлыбай Бексұлтан, Сырлыбаева Гүлбаршын, Серікова Сағыныш, Сәрсенова Данагүл.
Гір спорты: Балтабаев Айтқали 68 салмақ дәрежесінде І орын иеленді.
Қазақ күресі: Мұханбетов Бекзат 55 салмақ дәрежесінде ІІ орын.
Қол күрес: Ысқақов Әлішер 80 салмақ дәрежесінде ІІ орын.
🔸️Волейбол: волейболдан ауданның жастар құрама командасы ІІІ орынға ие болды. «Ақ бидай » республикалық ауыл спорт ойындарына   үстел теннисінен жолдама алған Аманғосов Әділбай, Бірімғалиев Әділет, Асылханова Асылай, тоғызқұмалақтан Бердіғалиев Қанат, Сырлыбаева Гүлбаршын, гір спортынан Балтабаев Айтқали, Мұханбетов Бекзат .
🏆Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларды және жетекшілерді  құттықтаймыз!👏👏👏