⚜️2025 жылғы 15–16 тамыз күндері Ойыл ауданы, Қайыңды ауылдық округінде жазғы спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спорт күніне орай ұйымдастырылған мереке ауыл тұрғындары мен спортсүйер қауым үшін ерекше қуаныш сыйлады.
🔹️Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, аудан әкімі Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен жаттықтырушыларға аудан және облыс деңгейіндегі марапаттар табыс етілді.
🔸️Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, волейбол, қол күрес, аударыспақ, қазақша күрес, үстел теннисі, гір тасын көтеру, садақ ату, бес асық, тоғызқұмалақ, асық ату сынды ұлттық және бұқаралық спорт түрлері енгізілді. Бұл сайыстарда ауылдық округтерден жасақталған командалар өзара бақ сынап, күш пен ептілікті, шеберлік пен табандылықты танытты.
🔹️Жарысқа Берсиев, Көптоғай, Қайыңды, Ойыл, Сарбие, Саралжын және Қараой ауылдық округтерінің командалары қатысып, ауыл спортшыларының әлеуетін айқын көрсетті. Жарыс нәтижесінде ;командалық есепте lll орын- Ойыл командасы 167ұпай
ll орын-Қайыңды командасы 191 ұпай
l орын- Көптоғай командасы 207ұпай иеленді.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
🔸️Ойыл ауданында дәстүрге айналған жазғы спартакиада – салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды спортқа баулуға, ауыл спортының дамуына серпін беретін маңызды шара болып табылады.