️ ️⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы, қысқы мал азығын дайындау жұмыстары, суға түсу маусымындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және аудандық қазынашылық басқармасының жұмысы және аудандағы мемлекеттік мекеме кәсіпорындармен байланыстағы жұмысы қаралды.
🔹️ Аудандық қазынашылық басқармасының жұмысы туралы Ойыл аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Рысқалиев Талғат Мақсатұлының баяндамасы тыңдалды.
🔸️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.