Бүгін Ақтөбе қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағында «Жасыл Ел» жасақтарының сарбаздары үшін жасыл желектерге күтім жасауға арналған практикалық шеберлік сабағы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - абаттандыру, көгалдандыру және қалалық жасыл аймақтарға күтім жасау салаларында практикалық дағдыларды дамыту. Сонымен қатар, жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру, олардың экологиялық таным көкжиегін кеңейту және туған өлкенің экологиялық келбетін жақсартуға белсенді араласуын қамтамасыз ету шара барысында басты назарда болды.

Шеберлік сабағы барысында қатысушыларға тәжірибелі мамандар ағаштар мен бұталарды дұрыс кесу, суару, зиянкестермен күрес және көшеттерге күтім жасау бойынша кеңестер берді. Сонымен қатар, урбанизацияланған орта жағдайында биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері де талқыланды. #ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge #jastarlive #jasylel #устойчивоеразвитие #тұрақтыдаму #экология