Назар аударыңыз! Ашық НҚА

Назар аударыңыз! Ашық НҚА

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің

лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ойыл ауданы әкімдігінің «Ойыл аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 30 (отыз) пайыз көлемінде белгіленсін.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Ойыл аудандық мәслихатының

     төрағасы                                                                        С.Займолдин