Ауданда шегіртке дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына мониторингтік бақылау жүргізілді.

Ауданда шегіртке дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына мониторингтік бақылау жүргізілді.

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекция басшысы А.Абтиев және «РФДжБӘО» РММ Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Ғ.Жолаев, сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Н.Тұрғамбековтің қатысуымен Ойыл ауданы Саралжың және Қайыңды ауылдық округтеріне шегіртке дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына мониторингтік бақылау жүргізілді.

2025 жылға Ойыл ауданы бойынша 55817 гектар жер жоспарланды.

Қазіргі таңда шегірткенің таралуы 46507 гектар, өңделгені 45073 гектарды құрап отыр.

⚠️Химиялық өңдеу жұмыстарына:
•4 дана уаз автокөлігі;
•3 дана аэрозольдық генератор техникасы
•1 дана АН-2 ұшағы жұмылдырылды.

Фитосанитариялық іс-шараларға қатысып отырған мердігерлер:
•«Ақтөбе Құнарлық» ЖШС,
•«Магтоксин» ЖШС,
• «Бағжан» ЖК.