Құрметті Аудан тұрғындары және қонақтары 2025 жылғы суға шомылу маусымы ашылар ашылмастан Облыс көлемінде екі жасөспірім оқушының суға батып кеткен қайғылы оқыс оқиғасы тіркелді.

Құрметті Аудан тұрғындары және қонақтары 2025 жылғы суға шомылу маусымы ашылар ашылмастан Облыс көлемінде екі жасөспірім оқушының суға батып кеткен қайғылы оқыс оқиғасы тіркелді.

Құрметті Аудан тұрғындары және қонақтары 2025 жылғы суға шомылу маусымы ашылар ашылмастан Облыс көлемінде екі жасөспірім оқушының суға батып кеткен қайғылы оқыс оқиғасы тіркелді. Атап айтар болсақ 2025 жылдың мамыр айының 23 күні Шалқар ауданында 15 жасар оқушы суға шомылуға белгіленбеген тиым салынған орында суға түсіп жүріп батып кетіп қаза тапты. Сонымен қатар ағымдағы жылдың мамыр айының 31 күні Темір ауданында оқушы бала қой тоғытып жүргенінде суға кетіп бара жатырған қойды құтқарамын деп өзі батып кетіп қаза тапты. Сол себепті құрметті ата аналар жазғы демалыс кездерінде балаларыңызды суға түсуге өздеріңіз ертіп апарыңыздар. Суға түсуге тек арнайы белгіленген рұқсат етілген жерлерге апарыңыздар. Белгіленбеген тиым салынған жерлердің су айдындары терең суға түсуге қауіпті. Барлық сақтық шараларын сақтап балаларымыздың өмірін сақтайық. Бей-жай немқұрайлы қарамайық.
Ойыл ауданы әкімі аппаратының
төтенше жағдайлар мен жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы
Д.Ғ.Ғалымжанов