
Жаңа конкурстық іріктеу нәтижесімен Ойыл ауданының әкімі А.Қазыбаевтың 2025 жылғы 2 мамырдағы № 483 өкімімен Шабай Әділет Есқуатұлы Ойыл ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы лауазымына тағайындалды.
Шабай Әділет Есқуатұлы 2001 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін филология мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы № 39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде лаборант болып жұмыс жасаған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ойыл» қоғамдық-саяси газетінде тілші қызметін атқарған.
Үйленбеген.