АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ САРБИЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САРБИЕ МЕН ҚАРАКӨЛ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

АУДАН ӘКІМІ АСҚАР ҚАЗЫБАЕВ САРБИЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САРБИЕ МЕН ҚАРАКӨЛ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

🔹Кездесу барысында Асқар Қазыбаев округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында атқарылған жұмыстар мен алға қои‌ылған міндеттер, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.

🔹Сарбие ауылдық округінің тұрғындары тарапынан ауданға қатынайтын көтерме жолды жөндеу, қазіргі таңда тозығы жетіп тұрған ауыз су құбырларын жаңарту және де өзге де сұрақтар қойылды.

🔹Аудан басшысы ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары бои‌ынша қолданыстағы заң талаптары мен қаржылық мүмкіндіктерге баи‌ланысты жұмыстар жүргізілетінін аи‌тып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.