🔹Кездесу барысында Асқар Қазыбаев Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға жеке-жеке тоқталып, ауданның және ауылдық округтердің әр саладағы өсім деңгейімен таныстырып өтті.
Аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық саладағы атқарылған және алдағы жоспарларын тыңдаған ауыл тұрғындары өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
🔹Ауыл тұрғындарының тарапынан орталықпен қатынайтын жол мәселесі, мал ауруларының алдын алу шаралары бойынша тұрғындардан өтініштер келіп түсті. Сонымен қатар жұмыс мәселесі және қысқа дайындық жұмыстары талқыланды.
🔹Аудан басшысы Асқар Қазыбаев ауыл тұрғындарының өтініш-тілектері мен маңызды сұрақтары боиынша арнайы іс-шаралар жоспарын құрып, қолданыстағы заң талаптары аясында жұмыстар жүргізілетінін аитып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесу соңында, ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары боиынша қабылдау өткізілді.