Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 20 мамырдағы шешіміне сәйкес Тажигалиев Марат Тлепбергенович Саралжын ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Марат Тлепбергенович Тажигалиев 1963 жылы Ойыл ауданы, Сарбие ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1997 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін география мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Ойыл аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде жұмысшы болып бастаған. Кейіннен білім саласында мұғалім, мектеп директоры, мемлекеттік қызметте бас маман, ауылдық округ әкімі қызметтерінде болған. Осы қызметке келгенге дейін Саралжын ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.
Отбасылы, 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.