Ойыл ауданының басты экономикалық бағыттарының бірі мал шаруашылығы. Ауылшаруашылық жануарлары аудандағы тұрғындардың басым бөлігінің табыс көзі мен байлығы болып табылады.
Мал ұрлығына ықпал ететін негізгі себептерге жануарлардың қараусыз қалуы және олардың жайылымын нашар ұйымдастыру жатады, қылмыстардың бұл санаты жайылым кезінде де, тұрғын үйдің, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, қораның немесе басқа қойманың ауласына енуімен де жасалады.
Малды жымқыру мәселесі біздің заманымыздағы ауылдық жерлердегі ең өзекті мәселелердің біріне айналуда. Көптеген жәбірленушілер үшін мал жалғыз тіршілік ету құралы, ал ауылшаруашылық субъектілері үшін өндіріс құралы болып табылады. Малдың жоғалуы айтарлықтай материалдық шығынға айналады.
Мәселен, а.ж. аудан аумағында ауыл тұрғыны «А» еркін жайылыстан өзінің малдарымен бірге көршісінің малдарын айдап келіп, ішінен соңғыға тиесілі 2 бас малын жымқырып, Газель автокөлігімен Ақтөбе қаласына тасымалдап бара жатырған жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Соттың үкімімен кінәлі тұлға ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігімен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Мал үрлығының жазасы әдеттегі ұрлыққа қарағанда әлдеқайда қатал. Мал ұрлығына ықпал ететін жағдайлардың бірі ауылдағы жұмыссыздық, жануарларды бірдейлендіру, чиптеу құралдарын қолданбау, малды бақылаудың техникалық құралдарын (GPS) пайдаланбау, яғни мал басының иелерінің жайылымды ұйымдастыруға немқұрайлы қарауы, үй жануарларының қараусыз қалуы әсер етеді.
Біреудің мүлкіне қол салып қылмыс жасау абырой әкелмейтіні анық, «Ұрлық түбі-қорлық» демекші жақсылыққа жетелер жол емес екендігін әрбір азаматтың түсінгені дұрыс.
Ойыл ауданының прокуратурасы