2024 жылғы 31 наурызда өткен Ойыл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 31 наурызда өткен Ойыл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 31 наурызда № 8 және №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Ойыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1775 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 996 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 11 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 6.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ойыл аудандық мәслихаты депутаттары сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

8 сайлау округі бойынша

Керей Раушан Мусабековна үшін сайлаушылардың 166 дауысы берілді,

Саматұлы Сайран үшін сайлаушылардың 336 дауысы берілді.

Сұлтанов Асылбай Айсаұлы үшін сайлаушылардың 92 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 15;

№11 сайлау округі бойынша

Абитова Гүлмира Айнағұлқызы үшін сайлаушылардың 64 дауысы берілді,

Дарибаев Урумбасар Аскарович үшін сайлаушылардың 81 дауысы берілді.

Оралов Айболат Жаумитович үшін сайлаушылардың 198 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 28;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ойыл аудандық мәслихаттың депутаты болып:

№8 сайлау округі бойынша 1993 жылы туған, Ойыл аудандық  ветеринариялық стансасының ветеринариялық санитары, Ойыл ауданы, Сарбие ауылында тұратын Саматұлы Сайран сайланды.

 

№11 сайлау округі бойынша 1973 жылы туған, Ойыл аудандық  ветеринариялық стансасының ветеринариялық санитары, Ойыл ауданы, Ақжар ауылында тұратын Оралов Айболат Жаумитович сайланды.

 

 

 

Ойыл аудандық

 аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
01 апреля 2024