Ауылдық округ әкімдері сайлауының қорытындысы туралы хабары

Хабар

 

2021 жылғы 25 шілдеде Ойыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2  сайлау округі бойынша өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ойыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Ойыл аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Көптоғай сайлау округі

Көптоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1225 азамат енгізілді, олардың 1163-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер жоқ, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Амангосов А.С. – 35; Асылбаев Е.Б.. – 816; Сатыгалиев К.А. – 306.

Асылбаев Ерлан Базарбаевич, 1975 жылы дүниеге келген, Көптоғай ауылдық округінің әкімі,  Көптоғай ауылдық округінің Көптоғай ауылының тұрғыны, «Nur Otan»партиясы ұсынған. Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

         Саралжын сайлау округі

Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 992 азамат енгізілді, олардың 919-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер жоқ, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Косбаев А. – 264; Рабаева М.А. – 65; Тажигалиев М.Т. – 577.

          Тажигалиев Марат Тлепбергенович, 1963 жылы дүниеге келген, Ойыл аудандық білім,  денешынықтыру  және  спорт бөліміне қарасты «Ә.Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебі» ММ директоры болып қызмет атқарады,  Саралжын ауылдық округінің Кемер ауылының тұрғыны , Саралжын ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Ойыл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Ойыл  ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

Ойыл  аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июля 2021